«Аяла жануарларды» дәрісі
«Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасы аясында және Наурыз мейрамын мерекелеуге орайластырылған Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен «Екібастұз политехникалық колледжі» базасында студенттер үшін «Аяла жанурларды» дәрісі өтті. «Право на счастье» жануарларға көмек көрсету қоғамдық қорының директоры Елена Доманова презентация мен бейнероликтерді көрсетті. «Жаңа Простоквашино» үйсіз жануарларға арналған оңалту орталығы 2017 жылдан бері жұмыс істейді, орталықтың мақсаты Екібастұз қаласындағы қараусыз қалған жануарлар мәселесін барлық мүмкін және қолжетімді адамгершілік тәсілдерді қолдана отырып шешу, жануарларға олардың иелерін табуға көмектеседі. Дәріс барысында балалар сұрақтар қойып, естелік ретінде жалпы суретке түсті.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз