Көрісу күні -амал мерекесі!
14.03.2025 жылы Екібастұз политехникалық колледжінде студенттер мен М.Жүсіп мектебінің бастауыш сынып оқушыларына «Көрісу күні -амал мерекесі» күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік іс-шара «Шашу» салт-дәстүрінен басталды, «Достық Үйі» этномәдени бірлестігі ән шырқап, би билеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді қазақ халқының көне дәстүрімен, Наурыз мейрамын тойлау ерекшеліктерімен таныстыру, оларға патриоттық сезімі мен аға буынға құрмет көрсетуді дарыту.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз