Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша.Ол –әрі аспан күмбезі,әрі үй-жай,әрі тірек,әрі баққуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.Шаңырақ-отбасы белгісі,сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып,шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше салт-дәстүр болған.Екібастұз политехникалық колледжының кітапханасында ОП 24/9 тобының студенттерімен бірлесе отырып, 17 наурыз «Шаңырақ күні» аталып өткендіктен кітап көрмесімен,танымдық сағат өткізілді.Көрмеге түрлі түсті ұлттық құндылықтардан суретті-ойындар,тағамдар,аспаптар қойылды. Дастарханға наурыз көже,құрт,бауырсақ қойылды.
Мақсаты: Қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм,адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға тәрбиелеу. Ол-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра,сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасының символы.
#bilim_наурыз_2025_pvl
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз