Жаңару күні
2025 жылғы 19 наурызда бүкіл ел бойынша Жаңару күнінде студенттер Наурыз мейрамы қарсаныңда колледж аумағында және жатақханада гүлдер отырғызды. Наурыз мереке ғана емес, тазалық пен жаңарудың символы. Ежелгі заманнан бері қар еріген бойда қазақтар өз үйлерін тазалап, көшеттер отырғызып, бұлақтарды ашқан. Наурыз — тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі.
«Жаңару» күні үлкен тәрбиелік және экологиялық мағынаға ие болды. Бұл іс- шара жас ұрпаққа қоршаған орта экологиясына қамқорлық пен жауапкершілік сезімін оятты.
#bilim_наурыз_2025_pvl
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз