«Бес тас» ұлттық ойыны
20.03.2025ж. колледждің кітапханасында М.Жүсіп мектебінің оқушылары мен студенттер «Бес тас» ұлттық ойынын ойнады, ойын өте әсерлі және қызықты өтті.
Бестас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді.