Наурыз мейрамы — жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Ол бес мың жылдан астам уақыт бойы көптеген халықтардың көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде тойланып келеді.
20.03.2025 ж. колледжде мақсаты — оқушыларды қазақ халқының тарихымен, салт-дәстүрлерімен, халық шығармашылығымен таныстыру және қатыстыру, ұлттық және ұлтаралық қатынастарды үйлесімді дамыту болып келетін «Қош келдің, наурыз!» атты мерекелік концерт өтті. 1 курс кураторлары өз топтарымен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті, билер мен әндер болды.
Колледж басшысы К.К. Коянбаев барлық қызметкерлер мен студенттерді мерекемен құттықтап, баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық, өркендеу, көктемгі жақсы көңіл-күй тіледі!!!