«Академиялық адалдық»
20.02.2025 жылы басшының ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ж. Садыкова 1, 2 курс студенттерін 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты («Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде) ілгерілету жөніндегі кешенді жоспармен таныстырды.
«Академиялық адалдық» деген не, білім беру ортасындағы білім алушылардың академиялық адалдығының негізгі қағидаттары, студенттік қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері; бағаланатын жұмыс – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оның оқу жетістіктерін айқындау үшін ағымдағы бағалау жүргізу кезінде білім алушының орындайтын жұмысы немесе тапсырмасы; қорытынды бағалау жүргізу кезінде білім алушының орындайтын жұмысы.
Әңгімелесу барысында студенттерге колледждің академиялық саясаты, Академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары және колледждің ішкі ережелері туралы ақпарат берілді.