Дөңгелек үстел
26.03.2025 ж. Екібастұз политехникалық колледжінің студенттері үшін «Деструктивті діни ағымдар және олардың белгілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Негізгі спикер «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теологы Мағзұм Мұхаммед Қуанышұлы болды, дөңгелек үстел жұмысына басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Ж. Садыкова және студенттер қатысты.
Мақсаты: экстремистік топтардың негізгі белгілерімен таныстыру, Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдардың атауларын аудару, экстремизмнің пайда болу және таралу себептерін ашу; Қазақстан Республикасының Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық базасын қарау.