Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесу
2025 жылғы 27 наурызда 2 курс студенттері үшін Екібастұз ст. Желілік полиция бөлімінің бастығы Д. Б. Койшинмен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Д.Б. Койшин жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы айтып берді, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерінің талаптары және оның алдын алу тәсілдерін түсіндірді. Сондай — ақ, ол бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда да бейнебақылау камералары бар екенін атап өтіп, қылмыс жақсы нәтиже бермейді деген нақты мысалдар келтірді.
Студенттер өз тарапынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.