17 сәуір-ата-аналар жиналысының бірыңғай күні
Екібастұз политехникалық колледжінде 17.04.2025 жылы Екібастұз қаласы ТЖБ маманы Ж. Б. Омирбеков, ПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Е. Р. Кызылбаев, дәрігер — эпидемиолог А. Г. Токенованың шақыруымен ата-аналар жиналысы өтті.
Омирбеков Жасуан Болатбекұлы қауіпсіздік шараларын күшейту және жарақаттанудың алдын алу, су айдындарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ терезеден құлаудың алдын алу және өрт қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға жадынамалар таратқанын айтты.
Құқық қорғау органдарының қызметкері Еран Рыспаевич Кызылбаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ата-аналарды хабардар етті, дәрігер-эпидемиолог Токенова Арай Гарифуллаевна №2 емханадан салауатты өмір салты мәселелеріне ерекше назар аударды, бұл кездесу өз ісінің кәсіби маманынан құнды білім алуға және «Иммундық алдын алу» (АКДС) тақырыбы бойынша қызықтыратын сұрақтар қоюға тамаша мүмкіндік болды.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз
#единоеродительскоесобрание #собраниеродителей #родители #студенты
