«ҚТЖ «ҰК» АҚ — «Магистральдық желі дирекциясының Павлодар бөлімшесі» филиалының Екібастұз сигнализация және байланыс дистанциясы біздің колледж студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар кәсіпорынның қызметі, жұмысқа орналасу перспективалары, жұмыс жағдайлары және мансаптық өсу туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, табысты кәсіби мансап құру үшін пайдалы ұсыныстар берді.