22.05.2025 ж. Екібастұз политехникалық колледжінің кітапханасында «Менің Отаным-менің Отбасым» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге ТОРЭА 24/9 тобының студенттері мен кураторы Золотухина Светлана Николаевна қатысып, отбасы туралы, адамға өмірде ең қымбатты-отбасы екені,сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болатынын,бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болатынына ерекше назар аударылатыны туралы айтып берді.
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, отбасының мақтанышы болуға тәрбиелеу.
#Қазақстанбалалары
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз