🚒 Өрт сөндіру бөліміне экскурсия
2025 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында Экибастуз политехникалық колледжінің АӨ-24/9 тобының студенттері қалалық өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
🔥 Студенттерге өрт сөндіру техникасы, арнайы киім үлгілері көрсетіліп, өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы мен қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша интерактивті шара өткізілді.
🙌 Іс-шара тәрбиелік мәнге толы, әсерлі және танымдық тұрғыда өтті. Мұндай кездесулер жастардың жауапкершілік, батылдық және қоғамға қызмет ететін мамандықтарға деген құрметін қалыптастырады.
#Қазақстанбалалары
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_екібастұз