Skip to content

«Біз сарбаздарымыздың ерлігін ұмытпаймыз»

«Біз сарбаздарымыздың ерлігін ұмытпаймыз»

2024 жылғы 15 ақпанда Жауынгер-интернационалистер саябағында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Саябақтағы жауынгер-интернационалистер ескерткіші жанында Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған митинг ұйымдастырылды. Іс-шараға соғыс ардагерлері, ардагерлердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері, еріктілер, оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Митингіні Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазанов С.Ж. және «Екібастұз қалалық Ауған соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ашты.

Аталған іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде үлкен маңызға ие. Бұл – әскери қимылдарға қатысып, өз борышын адал атқарып, антына берік болған барлық азаматтарға көрсетілген құрмет.