


Мастер-класс!
16.02.2024 ж. арнайы технология пәнінің оқытушысы С.М. Курмашева «ДосболLike» республикалық акциясының тұжырымдамасы және кәсіби апталық аясында ОП21/9 тобының 3-курс студенттерімен бірге пайдалы тағамдар дайындау бойынша мастер-класс өткізді.
Дайындалған тағамдарды бағалап, дәмін көру үшін оқытушылар мен студенттер шақырылды. ОП21/9 тобының студенттері барлық тапсырмаларды қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, алгоритм бойынша үлкен шабытпен және қызығушылықпен орындады. Тағамдар өте дәмді болды.
Өз ісінің болашақ мамандарына алғыс білдіреміз!
