Skip to content

Option tour

Option tour

2024 жылғы 16 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «JASTAR CUP I» «Екібастұз политехникалық колледжі» базасында Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, сондай-ақ қоғам мен жастар арасында патриоттық рухты арттыру мақсатында қалалық дебат турнирін өткізді.

Қала колледждерінің студенттері белсенді қатысып, турнир бірнеше кезеңнен және 8 фракциядан тұрды. Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды орындап, командалар арасында мазмұнды пікірталас жүргізді.

Турнир қорытындысы бойынша Ботабаева Аяжан ЭҚЕ22/9, Барнаулова Гүлжазира ЭРПС22/9, Аманжол Самат АЖТП23/9, Тұгелбай Азамат 23/9 ІІІ орын иеленіп, «ҮЗДІК ФРАКЦИЯ» дипломымен марапатталды.