Skip to content

«Есірткіге қарсы Stand up»

«Есірткіге қарсы Stand up»

2023 жылғы 27 қазанда колледж студенттері Екібастұз қаласының жастары арасында өткен «Есірткіге қарсы Stand up» іс-шарасына қатысты.

Мақсаты мен міндеттері: салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді ұйымдастыру; зиянды әдеттер мен есірткі қолдануға төзбеушілік көзқарас қалыптастыру.

«ЕПК» командасы үй тапсырмасы ретінде есірткіге қарсы тақырыпта үгіттік миниатюра дайындады. Қорытындысы бойынша «ЕПК» студенттері сыйлықтар мен сертификатқа ие болды.

Іс-шара соңында полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева есірткі қылмысының алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.