

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» пленарлық конференциясы
2023 жылғы 5 желтоқсанда КММ «Достық үйі» ғимаратында директорлардың орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар үшін «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты пленарлық конференция өтті.
Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, полиция органдарына деген сенім деңгейін арттыру, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингке тап болған немесе осындай құқықбұзушылықтардың куәгері болған азаматтарды 102, 111 немесе 150 нөмірлеріне хабарласуға шақырды.
