



Педагогтер мен ата-аналарға арналған тікелей эфир
2023 жылғы 8 желтоқсанда сағат 16:00-де «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге «Екібастұз политехникалық колледжінің» ата-аналары мен педагогтері қатысты.
Тікелей эфирдің тақырыбы: «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік республикалық акция».
Эфир барысында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік республикалық акция» тақырыбында балаларымен бірге әйелдерге арналған орталықтың жетекшісі Ильясова А.С. сөз сөйледі. Ал «Агрессия. Бұл не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында жобалық кеңестің психологі Бахтина В.Ю. баяндама жасады.
Тікелей эфирге 98 ата-ана және 48 педагог белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
