Ақпанның -9 күні Екібастұз политехникалық колледжінің оқу залында кітапханашы Салтанат Жанатовна колледждің жатақхана студенттерімен,
жетекшілер, колледж психологы, тәрбиешілерімен бірлесе отырып кеңестік ғалым-геолог, металлогения ғылымының және мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғылым көкжиегіндегі дара тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – қазақтың тұңғыш геологы, академик, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.
*******
Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрды. «Қазақ халқының ұлы ғалымы» атты бірінші бөлімді ғалым Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалықтар құрады.
«Ғылым шынында» атты екінші бөлімі академиктің әр жылдарда жарық көрген «Таңдамалы шығармалары»; «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалар»; «Тандамалы» еңбектері оқырмандарға таныстырылды.
«Академик Қ.И. Сәтбаев туралы сыр» бөлімінде Қазақстанның белгілі ғалымдары мен жазушыларының «Қаныш аға» (1989), «Академик Қ.И.Сатпаев и его современники» (1999), «Қаныш аға осындай еді…» (1999), «Қ.Сәтбаев туралы естеліктер» (1999), «Академик К.И. Сатпаев в памяти земляков» (1999), «Жас Қаныш» (1999), т.б. еңбектері ұсынылды.
