Skip to content

Шетел тілінде өткен XI ғылыми-практикалық қашықтық конференция

Шетел тілінде өткен XI ғылыми-практикалық қашықтық конференция

2024 жылғы 23 ақпанда Б.Ахметов атындағы Педагогикалық жоғары колледжі базасында 10–11 сынып оқушыларына, облыс, республика және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің колледж студенттеріне арналған «Жеке тұлға мен қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбындағы шетел тіліндегі XI ғылыми-практикалық қашықтық конференция өтті.

Іс-шараны Павлодар облысы білім басқармасы ұйымдастырды. Аталған конференцияға колледжіміздің студенттері қатысты:

  • Гаджибутаев Али, ОП 23/9 тобы – ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Джунусбекова Э.А.;
  • Артюхин Артур, АӨ 23/9 тобы – ІІІ дәрежелі диплом, жетекшісі Джунусбекова Э.А.;
  • Карпухин Сергей, ТРГО 23/9 тобы – қатысушы сертификаты, жетекшісі Джунусбекова Э.А.;
  • Темірғали Марғұлан, СД 23/9 тобы – қатысушы сертификаты, жетекшісі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сарсембаева С.Ш.