Бүгін «Таза Қазақстан: Жасыл аймақ» республикалық экологиялық акциясы аясында, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Екібастұз қаласының интернационалист-жауынгерлер паркінде «Таза Қазақстан: Екібастұз-көркем қала мен аудан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға ардагерлер, депутаттар, этномәдени бірлестіктер, спортшылар, жастар және қаланың волонтерлері қатысты. Акцияның мақсаты «Таза Қазақстан» акциясын халық арасында насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қылқан жапырақты ағаштардың 100 көшетін отырғызу болды.
