Skip to content

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2024 жылғы 31 мамырда «Шахтер» қалалық мәдениет және демалыс саябағында «СД23/9» тобы мен куратор Б.Т. Нұрғалиева саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Рәсімге Екібастұз қаласының әкімі, қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының өкілдері, қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, оқытушылар қатысты. Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.